Әлем футболы

«Гранада» Ла Лигада «Барселона» мен «Атлетиконы» артқа тастап кетті

«Гранада» Ла Лигада «Барселона» мен «Атлетиконы» артқа тастап кетті
news-banner7
mobile-news-top

Испания Ла Лигасының 9-турында «Гранада» өз алаңында «Осасунаны» 1:0 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Турнир кестесінде «Барселона» мен «Атлетиконы» артқа тастаған гранадалықтар топ басындағы «Реалдан» 1 ұпайға қалып келеді.

«Барселона» бүгін сырт алаңда «Эйбармен» кездеседі. «Атлетико» «Валенсияны» күтіп алады. Ал ертең «Реал» Мальоркада жергілікті клубпен ойнайды. «Гранаданың» топ басына көтерілуі уақытша құбылысқа ұқсайды, дегенмен ортаңқол команда үшін мұның өзі жетістік саналады

Испания чемпионаты. Ла Лига

18 қазан. 9-тур.

«Гранада» – «Осасуна» – 1:0

Гол: Дуарте, 38.

«Гранада»: Силва, Диас, Х.А.Мартинес, Дуарте, Нева, Гоналон, Я.Эррера, Пуэртас, Сольдадо (Азиз, 59), Вадильо (Мачис, 67), Фернандес (Рамос, 85).

«Осасуна»: Р.Мартинес, Ронкалья, Эступиньян, Видаль, Эрнандес, Ойер (Мерида, 62), Брашанац (Вильяр, 77), Торрес, Монкайола, Брандон (Лопес, 66), Авила.

Ескерту: Эступиньян, 13. Брандон, 24. Фернандес, 27. Авила, 40. Ойер, 54. Эрнандес, 78. Мерида, 90+2.

Алаңнан қуылды: Мерида, 90+2.

Төреші: Эстрада Фернандес.

Гранада. «Нуэво Лос Карменес» стадионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер