ММА

Жұмағұлов пен Багаутдинов ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Жұмағұлов пен Багаутдинов ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті
news-banner7
mobile-news-top

Сочиде Fight Nights Global 95 турнирінің қатысушылары ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек кешінің басты кездесуі аса жеңіл салмақта (56 келі) Arlan MMA Pro Team командасының сарбазы Жалғас Жұмағұлов пен UFC ұйымының бұрынғы спортшысы Али Багаутдинов арасында өтеді.

Екі жекпе-жек шеберінің салмағы да белгіленген шектен аса қоймады.

Айта кетелік, FN Global 95 турнирі бүгін, 19 қазанда Ресейдің Сочи қаласындағы WoW аренада өтеді. Басты кард Нұр-Сұлтан уақытымен 22.00-де басталады. Тікелей трансляцияның сілтемесін сайтымызда жарияланатын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер