«Кайрат» пен «Аяттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары анықталды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызУЕФА Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіндегі қазақстандық клубтардың қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Еуропалық жарыста өзінің алғашқы маусымын өткізген «Аят» В тобына түсті. Топта «Спортинг» (Чемпиондар лигасының өткен маусымдағы жеңімпазы), бізге бұрыннан таныс «Тюмень» және хорватиялық «Ново време» командалары бар. Матчтар Ресейде өтеді.
В тобы
«Спортинг» (Португалия)
«Тюмень» (Ресей)
«Аят» (Қазақстан)
«Ново време» (Хорватия)
Алматылық алып клуб «Қайраттың» қарсыластары: «Бенфика», итальяндық «Песаро» және Испанияның «Эль-Посо» командалары. Айта кетейік, бұл топ өз матчтарын Алматыда өткізеді.
С тобы
«Бенфика» (Португалия)
«Эль-Посо» (Испания)
«Песаро» (Италия)
«Қайрат» (Казахстан)