Дзюдо

Әлем чемпионатының екінші күнінде дзюдошыларымыз жүлдесіз қалды

news-banner7
mobile-news-top

Марракеште дзюдодан жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың екінші күнінде ұлдар 73 келіге дейінгі салмақта күрессе, қыздар 57 және 63 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтады.

Бүгін Қазақстан сапынан татамиге шыққан Бақытжан Абдурахманов (73 кг) үшінші кездесуінде қарсыласына жол беріп, әлем чемпионатынан жүлдесіз қалды.

Ол алғашқы қарсыласы чех балуаны Адам Будзовскийді, кейін Джао Фернандоны ұтты. Алайда, россиялық Георгий Эльбакиевтен ұтылып, жарыстан шықты.

Қыздар арасында Ақерке Құлаш (63 кг) ширек финалдық жолдаманы сарапқа саларда Еуропа чемпионы Цофи Озбастан жеңілді. Бірінші белдесуінде Оңтүстік Корея спортшысы Джунга Чаені, екінші кездесуінде италиялық Надия Симеолиден басым түскен болатын.

Бүгін татамиге шыққан тағы екі қазақстандық дзюдошы Меруерт Сарсенова (57 кг) мен Кристина Сотникова (63 кг) жарыстың бірінші белдесуінде-ақ қарсыластарына есе жіберді.

Түпнұсқасы: fdk.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер