русский язык
Футбол

АПЛ. Лэмпард бұрынғы командасына гол соқты. «МС» – «Челси»1:1

АПЛ. Лэмпард бұрынғы командасына гол соқты. «МС» – «Челси»1:1

Ағылшын премьер-лигасының бесінші туры аясында кездескен «Манчестер Сити» мен «Челси» тең тарқасты.

Бұл кездесу «Манчестер Сити» ойыншысы Лэмпард үшін ерекше еді. Өйткені ол өзінің бұрынғы командасына қарсы ойнады. Жәй ғана ойнап қалған жоқ, тіпті «Челси» қақпасына гол соғып, командасын жеңілістен аман сақтап қалды. Ал қонақтар сапынан Шюррле көзге түскен болатын.

 

Ағылшын премьер-лигасы. 5-ші тур

«Манчестер Сити» – «Челси»1:1 (0:0)

Голдар: 0:1 – 71 Шюррле, 1:1 – 85 Лэмпард.

«Манчестер Сити»: Джо Харт, Сабалета, Компани, Мангаля, Коларов(Лэмпард, 78), Милнер, Фернандиньо (Навас, 73), Яя Туре, Сильва, Джеко(Санья, 70), Агуэро.

«Челси»: Куртуа, Иванович, Кэйхилл, Терри, Аспиликуэта, Матич,Фабрегас, Рамирес (Шюррле, 63), Виллиан (Оби Микел, 63), Э. Азар, Коста(Дрогба, 86).

Ескерту алғандар: Фернандиньо (12), Сабалета (32), Рамирес (35), Матич (39), Сильва (40),Яя Туре (44), Коста (66), Иванович (77).

Алаңнан қуылды: Сабалета (66).

21 қыркүйек. Манчестер. «Этихед Стэдиум»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;