Давид Лория UEFA-ның магистрлік бағдарламасы бойынша білім алмақ

Давид Лория UEFA-ның магистрлік бағдарламасы бойынша білім алмақ
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық белгілі қақпашы Давид Лория әлемдік футболда есімі танымал жұлдыздармен бірге UEFA магистрлік бағдарламасы бойынша білім алатын болды.

Бағдарлама негізінде білім алушылар қатарында Андрей Аршавин, Алексей Смертин, Дидье Дрогба, Кака, Жулио Сезар, Рене Адлер, Флоран Малуда, Жереми Нжитап сынды жұлдыздар бар. Ендігі кезекте бұл жұлдыздар футбол саласында өз істерін жалғастыруға осылайша алғашқы қадам жасап отыр.

Давид Лория 1981 жылы 31 қазанда дүниеге келген. Өзінің спорттық карьерасында ол қазақстандық «Жеңіс» («Астана-1964»), «Есіл» («Оқжетпес», ), «Шахтер», «Локомотив» («Астана»), «Ертіс», «Қайрат», «Ордабасы», швециялық «Хальмстад», ресейлік «Спартак-Нальчик», түркиялық «Ризеспор», «Каршияка» клубтарының қақпасын қорғады. Спорттық карьерасын биыл Көкшетаудың «Оқжетпес» командасында аяқтады. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 2000-2017 жылдар аралығында 45 ойын өткізді.

Айта кетерлігі, UEFA магистрлік бағдарламасы арқылы жұлдыздар футбол саласы бойынша әкімшілік жұмыстар негізінде футболды дамытуға күш жұмсайтын болады. Футбол жұлдыздары 20 айға жуық осы бағытта білімі мен біліктілігін толықтыра түседі.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер