Әлем футболы

Испанияда футболшылардың үйін тонап келген қылмыстық топ құрықталды

Испанияда футболшылардың үйін тонап келген қылмыстық топ құрықталды
news-banner7
mobile-news-top

Қылмыстық топ әйгілі футболшылардың үйін тонаған.

Marca-ның хабарлауынша, операция кезінде Мадрид пен Толедода төрт адам тұтқындалған. Ұсталған қылмыскерлердің бірі 2007 жылы зорлық жасағаны үшін сотталған деген болжам бар.

Бұл топтың мүшелері бұған дейін мадридтік «Реал» және «Атлетико» клубтарының ойыншыларының үйлерінде ұрлық жасаған деп хабарланған болатын. Атап айтқанда, олар Каземиро мен Исконың, шабуылшы Альваро Моратаның үйіне кіріп, бағалы заттарын қолды еткен. Ұрылардың әрекетінен «Реал Мадрид» командасының бас бапкері Зинедин Зидан да зардап шеккен болатын. Тіпті, «Атлетико» футболшысы Томас Партидің үйіне ұрылар бір аптада екі мәрте кірген.

Бұған дейін Жорди Альба, Кевин-Принц Боатенг, Габриэль Паулиста, Лукас Васкес, Эсекель Гарай, Хоакин, Рафаэль Варан және Вильям Карвальо да Испаниядағы ұрылардан запа шеккен еді. Бірақ осы топтың өкілдерінің осы ұрлықтарға қатысы бар-жоғы туралы мәлімет жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер