Хоккей

Алматы қаласы Еуролига матчтарын қабылдайды

Алматы қаласы Еуролига матчтарын қабылдайды
news-banner7
mobile-news-top

19-20 қазанда Алматыда әйелдер командалары арасында Еуропалық хоккей лигасында екі ойын өткізу жоспарланған, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан әйелдер құрамасының «Айсулу» базалық клубы Еуролиганың екінші турында австриялық «EHV Sabers Wien» командасымен ойнайды. Матч Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының «Олимп» алаңында, 19 және 20 қазанда Мәскеу уақытымен 17:00-де өтеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Айсулу» командасы Бад-Толц (Германия), Випитено (Италия) және Копенгаген (Дания) қалаларында өткен Еуролигадағы бес матчта бес рет қатарынан жеңіске жеткен еді.

Қазақстандық команда урнир кестесінің бірінші сатысында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер