Бокс

Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында 8 медаль жеңіп алды

Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында 8 медаль жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін БАӘ-де жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының финалдық кездесулері өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалға 8 қазақстандық боксшы шыққан, ал оның алтауы ақтық сында өнер көрсетті. Финалға шыққан алты боксшымыздың төртеуі алтыннан алқа тақса, екеуі күміс медель алды.

Бұған қос қола медальді қоссақ, жасөспірім боксшыларымыз құрлық біріншілігінен 8 жүлде жеңіп алды.

Алтын медаль алғандар:

Руслан Күзеубаев (52 келіге дейін) - Муродов Абубакр (Тәжікстан)

Ерасыл Ермек (57 келіге дейін) - Ихлолов Билолбек (Өзбекстан)

Абзал Серік (60 келіге дейін) - Бекмузодов Бекзод (Өзбекстан)

Сұлтан Бабаханов (66 келіге дейін) - Рават Джайдип (Үндістан)

Күміс медаль алғандар:

Абдулла Патиев (50 келіге дейін) - Кира Дайя (Жапония)

Нұрсұлтан Алтынбек (54 келіге дейін) - Якубов Абдурахим (Тәжікстан)

Қола медаль алғандар:

Мәди Әміров (80 келіге дейін)

Диар Роман (+80 келі)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер