Футзал

Чемпиондар лигасының элиталық кезеңі Алматыда өтуі мүмкін

Чемпиондар лигасының элиталық кезеңі Алматыда өтуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайрат» футзал клубы УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық кезеңін қалбылдауға өтініш берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысты қабылдайтын қалалар 18 қазанда өтетін осы кезеңнің жеребе тарту рәсімінде анықталады. Матчтар «Алматы Аренада» өтеді деп болжанып отыр.

Еске сала кетейік, «Қайрат» бұған дейін екі мәрте Финалдық кезеңнің және бір рет элиталық раундтың матчтарын қабылдаған.

Өткен жылы Алматыда Чемпиондар Лигасының Төрттік финалы өтті. Сол кезде көрермен жинаудан еуропалық футзал тарихындағы рекорд жаңарған болатын.

Айта кетейік, осы маусымда екі қазақстандық клуб - «Қайрат» пен «Аят» Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер