Бокс

Сергей Ковалев: Альваресті жеңетініме сенімдімін

Сергей Ковалев: Альваресті жеңетініме сенімдімін
news-banner7
mobile-news-top

Жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымының чемпионы Сергей Ковалев (34-3-1, 29 КО) қарсыласы Сауль Альваресті (51-1-2, 35 КО) жеңетініне күмән келтірмейді, деп жазады Prosports.kz сайты.

БАҚ өкілдерімен кездескен ресейлік боксшы алдағы жекпе-жегі жайлы пікір білдірді:

- Тағы 2 жыл жұдырықтаса аламын. Мұның бәрі Макгрирт бастаған командамның арқасы. Алдағы жекпе-жекте Альваресті жеңетініме сенімдімін. Жекпе-жектерімнің арасында аз ғана үзіліс болғаны қуантады. Өйткені 4-5 ай бойы шаршы алаңға шықпаған бабымды жоғалтып, еріншек болып кетемін, - деді Сергей Ковалев.

Естеріңізге сала кетейік, 2 қараша күні Сергей Ковалев пен Сауль Альварес Лас-Вегас (АҚШ) қаласында жекпе-жек өткізеді

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер