Басқа

Шахматтан әлем чемпионатында екі спортшымыз жүлде алды

Шахматтан әлем чемпионатында екі спортшымыз жүлде алды
news-banner7
mobile-news-top

Қазанның 2-нен бастап 13-не дейін Мумбай қаласында (Үндістан) 14, 16, 18 жасқа дейінгі жігіттер мен қыздар арасында шахмат бойынша әлем чемпионаты өтті.

Чемпионат швейцарлық жүйе бойынша өткен және әлемнің 65 мемлекетінен 500-ге жуық мықты шахматшылар жиналған. Қазақстан чемпионатында өз жасындағы іріктеуден өткен 9 спортшы Қазақстан құрамасы атынан қатысқан.

Біздің спортшылар бір алтын және бір күміс медаль жеңіп алған. Біздің құрамаға алтын медаль әкелген 14 жасқа дейінгі қыздар арасында астаналық шахматшы Меруерт Камалиденова, күміс - Назерке Нұрғали (Қызылорда қ.). Алдыға тек Ресей және Үндістан құрамаларын жіберіп, артта көптеген әлемнің мықты командаларын қалдырып, командалық есепте біздің команда үшінші командалық орынды иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер