Александр Москаленко Македониямен өткен ойынға баға берді

Александр Москаленко Македониямен өткен ойынға баға берді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Александр Москаленко Македониямен болған ойын (1:1) туралы айтты, деп жазады Prosports.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Ең алдымен бапкерлерге зор алғыс білдіремін. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жұмыс істедік. Біз әрине, нағыз айқасқа, әрі эмоцияға толы ойын болар деп болжағанбыз. Өте ауыр ойын болды, абырой болғанда құрама ойыншылары жігерлілік танытты.

Біздің ойыншылардың көбі бірінші лигада ойнайды. Аталмыш лига ойындарының қандай ырғақпен өтетінін білесіздер, соның кесірінен ойыншылар үлгермей жатты. Балалар тырысып жатыр, жан-тәнімен ойнайды. Еуропалық футболға толығымен бейімделе алған жоқпыз.

Гол соғатын сәттеріміз болды, өкінішке орай, мергендік таныта алмадық. Македониялықтар да тағы бір гол сала алмай, пұшайман болды. Қарсылас алаң иелері есебінде допты бақылауында ұстады, ал қазақстандықтардың қарсы шабуылдары қауіптірек болды. Есепте тең түскенімізді заңдылық деп қабылдау керек. Сырт алаңда бір ұпай иелендік, - дейді бапкер.

Еске сала кетелік, Қазақстан жастар құрамасы Солтүстік Македонияда жергілікті құрамамен кездесіп, 1:1 есебімен тең ойнап қайтқан болатын.

Түпнұсқасы: kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер