русский язык

Азиада. Стендік оқ ату. Андрей Могилевский үшінші орын алды

Азиада. Стендік оқ ату. Андрей Могилевский үшінші орын алды

Стендік оқ атудың «трап» жарысында қазақстандық Андрей Могилевский қола медаль жеңіп алды.

Іріктеу кезеңінде 119 ұпаймен бесінші орын алған Андрей жартылай финалға жолдама алған еді. Қазақстандықпен қатар Ливан, БАӘ, Кувейт және Қытайдан екі спортшы өтті.

Могилевский ливандық әл-Наджар Уәлидпен қола медальға таласып, 14:8 есебімен ұтты.

Ал алтын жүлдеге тағы бір ливандық Фехайд әл-Деехани мен қытайлық Бо Гао таласып, соңғысы жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасының тағы бір мүшесі Виктор Хасянов 19-шы орын алды, ал Максим Коломеец 38-ші сатыға тұрақтады. Естеріңізге сала кетсек, аталмыш додаға 46 спортшы қатысты.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;