Әлем футболы

Чемпиондар лигасының финалы Стамбулда өтпеуі мүмкін

Чемпиондар лигасының финалы Стамбулда өтпеуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

2019/2020 маусымындағы Чемпиондар лигасының финалы Стамбулдағы Ататүрк атындағы стадионда өтуге тиіс болатын, алайда УЕФА финалдық матчты басқа елде өткізуге қамданып отырған сыңайлы, деп жазады Prosports.kz.

Еуропа футбол федерацияларының қауымдастығы бұл шешімді Түркияның Сирия аумағына әскер кіргізуімен байланыстырады. Түріктердің бұл қылығын көптеген қоғамдық ұйымдар айыптап, УЕФА-ға Түркияның Чемпиондар лигасы финалын өткізуіне тыйым салуды өтінген.

«Біз БҰҰ, ЕО және мемлекеттер мен дипломатиялар, елшілер, һәм саяси институттарды алмастыра алмаймыз, дегенмен автономияны құрметтеу мен спорттың тәуелсіздігін сақтау жағына ықпал еткіміз келеді», деді ұйымның вице-президенті Мишель Ува.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер