Бокс

Деревянченко Головкинмен қарымта кездесу өткізуге үмітті

Деревянченко Головкинмен қарымта кездесу өткізуге үмітті
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақ бойынша әлем чемпионы атағының экс-үміткері Сергей Деревянченко Геннадий Головкинмен қайтадан жекпе-жек өткізуге дайын, деп жазады Prosports.kz

Украиналық боксшы Головкинмен қарымта кездесуі мүмкін болмай қалса, онда WBA Super және WBC нұсқаларының чемпионы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізу жағын қарастырып көреді.

«Мен қарымта кездесуге үміттімін және оны бүкіл әлем тамашалауға асық екеніне сенімдімін. Біз өткізген жекпе-жек Головкиннің соңғы жылдардағы ең мықты кездесуі болды. Егер мен екінші рет кездесуге шығар болсам, екі белбеуді иеленеріме сенімім кәміл. Бокс фанаттарының да жекпе-жекті талап етуін қалаймын. Менің менеджерім мен промоутерім кездесуді ұйымдастыруға барын салады.

Егер ол мүмкін болмай жатса, онда мен Альвареспен шығуға талпынамын. «Канело» орта салмақта әлі мен сияқты боксшыны көрмегенін дәлелдеймін. Тіпті бұған да қол жеткізе алмасам, онда Чарломен шығуға дайынмын», дейді Деревянченко.

Түпнұсқасы: https://boxingscene/ Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер