русский язык
Футбол

Владимир Вайсс: «Кездесу қиынға түсетінін білдік»

Владимир Вайсс: «Кездесу қиынға түсетінін білдік»

Қазақстан чемпионатының 26-шы туры аясында өткен «Қайрат» пен «Ордабасы» арасындағы кездесуден кейінгі баспасөз-мәслихатын назарларыңызға ұсынамыз.

«Кездесу қиынға түсетінін білдік, сол себептен тыңғылықты дайындықпен келдік», - деп бастады Владимир Вайсс. «Ордабасы» бірінші номермен қимылдамаса да, тоғыз ойыншымен ойнау қиындық туғызды. Қарсылас қақпасына гол соққаннан кейін қорғагнысты басты назарға ұстауды жөн көрдік. Жігіттерге өз алғысымды айтамын. «Қайрат» маусым басын өте нашар бастады. Бірнеше жетекші ойыншыларымыз жарақаттарына байланысты ойындарға қатыспайды. Бірақ, бақытымызға қарай бәрі оң жолға түсті. Қазір көшбасшымыз», - деді Вайсс.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;