Теннис

Путинцева Мәскеуде «Кремль кубогында» ұтылып қалды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Юлия Путинцева Мәскеудегі «Кремль кубогы» WTA турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 34-ракеткасы Ю.Путинцева алғашқы айналымда рейтингте 45-орында тұрған франциялық Кристина Младеновичпен кездесті.

Бірінші партияны франциялық спортшы өз есебіне жаза білді – 6:4. Екінші сетте Ю.Путинцева 3:0 есебімен алға шықты. Сол басымдылығын сақтап қала алды – 6:3. Үшінші, шешуші партияда К.Младенович есеп 2:2 болған мезетте брейк жасап кетті.

Ақыры тағы бір брейкпен матч нүктесін қойды – 6:2. Тартысты бәсеке 2 сағат 2 минутқа созылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер