Теннис

12 жасар спортшы қазақстандық үстел теннисі тарихындағы ең жас спорт шебері атанды

12 жасар спортшы қазақстандық үстел теннисі тарихындағы ең жас спорт шебері атанды
news-banner7
mobile-news-top

Орал қаласында өткен үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында 12 жасар қарағандылық Алан Құрманғалиев ерекше көзге түсті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Біріншілік 1998 жылы туған және одан да жас ұлдар мен қыздар арасында өтті.

Командалық сынақта қарағандылық теннисшілер - бірінші орынды, жасөспірімдер - үшінші орынды иеленді.

Жеке біріншілікте алтын медальді спорт шебері, ұлттық құраманың мүшесі Зәуреш Ақашева, қола медальді Александра Смирнова жеңіп алды.

Аралас жұптық разрядта Алан Құрманғалиев пен Зәуреш Ақашева жеңіске жетті. Қарағанды облысы құрамасының ең жас мүшесі спорт шебері нормативін орындады. Мұндай жетістік Қазақстан үстел теннисінің тарихында алғаш рет болып отыр.

Бір ай бұрын ITTF Халықаралық федерациясы құрлықтық, әлемдік Hopes Week турнирлерінің қорытындысы бойынша Алан Құрманғалиевті 2019 жылғы үздік жас теннисші деп атаған еді.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер