Дзюдо

Қазақстандық дзюдошылар Grand Slam турниріне дайындалып жатыр

Қазақстандық дзюдошылар Grand Slam турниріне дайындалып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан Қазақстан командасы Әбу-Даби (БАӘ) қаласында өтетін Grand Slam турниріне дайындықты бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«14 қазан күні АІВА бокс академиясында жаттығу жиынын бастаймыз. Ал 22 қазан күні жарысқа қатысу үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшып кетеміз. Grand Slam турниріне қатысатын спортшылар дайын.

60 келіде Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев, 66 келіде Ерлан Серікжанов пен Елдос Жұмақанов, 73 келіде Жансай Смағұлов, 81 келіде Дидар Хамза мен Руслан Мусин, 90 келіде Ислам Бозбаев, 100 келіге дейінгі салмақта Айбек Серікбаев, 100 келіден аса салмақта Ерасыл Қажыбаев пен Ғалымжан Қырықбай сынға түседі», - деді бас бапкер.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер