Қысқы

«Қытайда туып, АҚШ-та өскен қыз Қазақстанның намысын қорғап жүр»

«Қытайда туып, АҚШ-та өскен қыз Қазақстанның намысын қорғап жүр»
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық мәнерлеп сырғанауда жаңа жұп пайда болды. Атап айтқанда, Темірлан Ержановтың мұз алаңындағы серіктесі жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудыруда, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Максин Ветерби Қытайда дүниеге келді. 11 айлық жасында Максин АҚШ-қа көшіп келеді. Оны балалары жоқ америкалық отбасы асырап алған болатын. Анасы - Майами университетінің профессоры, ал әкесі – театр әртісі. Айта кетерлігі, Ветербидің анасы Алматыда өткен турнирге арнайы АҚШ-тан келген екен.

Темірлан Ержановпен Максин мұз алаңында бірге жүргеніне 14 ай болған. Қазақстандық спортшы ресейлік маман Евгений Платовтың қол астында екі жарым жыл бойы жаттығады. Бұған дейін он шақты серік ауыстырған Темірлан Максинге тұрақтаған екен.

«Мен мәнерлеп сырғанаумен үш жасымнан бастап айналыса бастадым. 9 жасымда жалғыз өзім мұз алаңына шығып, өнер көрсетіп жүрдім. Алайда мені мұз үстіндегі билеуге шабыттандырған адам Темірлан болды. Мен үшін Қазақстан үшін өнер көрсету өте үлкен мәртебе», - деді Ветерби Zakon.kz порталына берген сұқбатында.

Болашақта қазақстандық жұп әлемдік мәнерлеп сырғанау элитасына кіруі әбден мүмкін.

Айта кетейік, Денис Тенге арналған Мемориалда Ержанов пен Ветерби үш қатысушы жұп арасында үшінші орын алған болатын, алайда олар ақпан айында өтетін әлем чемпионаты-2020 және беделді турнир - «Төрт құрлық чемпионатының» нормативін орындай алды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер