Әлем футболы

Немістер 10 адаммен Эстонияны есеңгіретіп жіберді

Немістер 10 адаммен Эстонияны есеңгіретіп жіберді
news-banner7
mobile-news-top

2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Германиямен бір топта ойнайтын эстониялықтар сан басымдылығын пайдалана алмады, деп жазады Prosports.kz.

Матчтың 14—минутында дөрекі ойнаған Эмре Джан алаңнан қуылып кетті. Бір бөлшегінен айырылған «неміс машинасын» аутсайдерлер тоқтата алмады. Екінші таймда айналасы алты минут ішінде Илкай Гюндоган дубль жасады. Ал 71-минутта сол Гюндоган Вернерге нәтижелі пас шығарып, Тимо да қанжығасын майлап алды.

С тобында Нидерланд пен Германия құрамалары 15 ұпаймен топ бастап келеді. Бұларды 12 ұпайы бар Солтүстік Ирландия өкшелеп тұр. Ал Эстония болса 1 ұпаймен көш соңында қалды.

Эстония - Германия - 0:3

Гол соққандар: Гюндоган, 51,57, Вернер, 71

Ескерту алғандар: Лепметс (Э), 30, Бараонов (Э), 38

Алаңнан қуылды: Эмре Джан, 14

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер