Қазақстан құрамасының бапкері футболшыларға не жетіспейтінін айтты

Қазақстан құрамасының бапкері футболшыларға не жетіспейтінін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Бельгиямен өткен ойыннан кейін команданың басты проблемаларын айтты, деп жазады Prosports.kz.

- Қазақстан футболшылары шетел чемпионаттарында ойнауы тиіс, мәселен Ресей премьер-лигасында. Сондай-ақ ҚПЛ клубтары еурокубоктерге көптеп қатысса дұрыс болар еді. Тәжірибе солай жиналады.

Гол соғу жағы ақсап тұр. Әр матчта қақпаны дәл көздегіміз келеді, бірақ Бельгия әлемнің ең үздік командасы, оларға қарсы ойнау оңайға соқпады, деді Билек.

Еске сала кетелік, кеше Қазақстан құрамасы Бельгиядан 0:2 есебімен ұтылған болатын. Михал Билек шәкірттері қалған екі ойынды сырт алаңда Сан-Марино және Шотландияға қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер