Ұлттық құрама: Турнир кестесіндегі жағдайымыз нашарлай түспек

Ұлттық құрама: Турнир кестесіндегі жағдайымыз нашарлай түспек
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін түнде 2020 жылғы Еуропа біріншілігі іріктеу кезеңінің бірнеше ойындары өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Біздің жазбағымыз іріктеу кампаниясындағы І тобы болмақ. Күні кеше ғана Бельгия мен Ресей құрамаларынан кейінгі үшінші орында тұрған Қазақстан құрамасының жағдайы нашарлап барады. Осыдан үш күн бұрын Кипрді алға жіберіп алған Билектің командасы бүгінгі ойында Бельгияны жеңбесе (ол қиял-ғажап ертегі іспеттес), бесінші орынға түсіп қалуы сөзсіз. Себебі Шотландия құрамасы өз алаңында топтың нағыз аутсайдері Сан-Мариноны ұтуға, ұтқанда да ірі есеппен талқандауға тырысады. 6 ұпайы бар шотландиялықтар Қазақстан құрамасынан екі ұпайға озуы тиіс. Ал Кипр Ресейді қабылдайды. Орыстар топтан шығуды ұзаққа созбасы белгілі, дегенмен қазақтарды жеңген Кипр командасы эйфориямен тағы бір ұпай олжаласа таң қалмаймыз.

Бүгінгі турдың алдындағы турнирлік кесте мынадай:

Ел

ойын

Гол айырмасы

Ұпай

1.

Бельгия

7

28-1

21

2.

Ресей

7

22-4

18

3.

Кипр

7

13-7

10

4.

Қазақстан

7

9-11

7

5.

Шотландия

7

5-17

6

6.

Сан-Марино

7

0-37

0

Еске сала кетелік, Қазақстан –Бельгия матчын Нұр-Сұлтан уақытымен 18.50-де Qazsport арнасынан тамашалай аласыздар.

Қазақстан - Бельгия: Тікелей трансляция

Түпнұсқасы: https://prosports.kz/kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер