ММА

Артем Резников ашық жаттығу өткізеді

Артем Резников ашық жаттығу өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Артем Резников (20-6) ашық жаттығу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Спартак» лақап атымен танымал спортшы 16 қазан күні Almaty Fight Academy залында ММА жанкүйерлеріне арналған ашық жаттығу өткізеді. Алдағы жаттығуы барысында ол өзінің оң жамбасына келетін «Солтүстік-Оңтүстік» сынды әдістерін көрсетеді.

Еске сала кетелік, 4 қазанда Резников Хасан Халиевті бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, ресейлік АСА промоушеніндегі дебютін сәтті өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер