русский язык

Азиада. Маргарита Елисеева Қазақстан қоржынына алғашқы алтын алып келді

Азиада. Маргарита Елисеева Қазақстан қоржынына алғашқы алтын алып келді

Ауыр атлетикадан 48 келіге дейін салмақ бойынша қазақстандық Маргарита Елисеева топ жарды.

Қазақстандық атлет екі жаттығу бойынша 194 кг (жұлқа көтеруде 88 кг және сілке көтеруде 106 кг) көрсетті. Бұл екінші орын алған индонезиялық Шри Вайюни Агустианиден (187, 80+107) жеті келіге көп. Үздік үштікті өзбекстандық Махлийо Тогоева түйіндеді – 187 (81 +106). Индонезиялық спортшы салмағының жеңіл болуына байланысты, күміс медаль еншіледі.

Тағы бір қазақстандық атлет Галина Момотова жұлқа көтеруде үш мүмкіндігін де орындай алмай, жарыстан ерте шығып қалды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;