Әлем футболы

ҚПЛ футболшылары Грузия сапында көшбасшы құрамамен ойнады

news-banner7
mobile-news-top

Қостанайлық «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Джаба Канкава мен «Тараз» шабуылшысы Элгуджа Лобжанинде Грузия құрамасы сапында матч өткізді.

Грузиялық футболшылар 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Ирландиямен кездескен. Тбилисиде өткен матч 0:0 есебімен аяқталды.

Канкава негізгі құрамда шығып, 90 минут ойнады. Ал Лобжанинде алаңға 79-минутта шықты.

Осылайша, грузиялық футболшылар 5 ұпаймен төртінші орында келеді. Ал Ирландия 12 ұпаймен көш бастап тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер