Бокс

Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тағы жекпе-жекке дайындығын көрсетті

Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тағы жекпе-жекке дайындығын көрсетті
news-banner7
mobile-news-top

Жеңілмеген орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) келесі жекпе-жегіне дайындығын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлімханұлы өзінің инстарамда парақшасында Калифорниядағы оқу-жаттығу жиынының спаррингтік сессияларының бірінен видео жариялады.

Қазақ бокс стилін әлемге танытамын деп жүрген жерлесіміз WBC Continental Americaas және WBO жаһандық титулдарының иегері. Келесі жекпе-жегін 9 қарашада Американың Фресно қаласында (Калифорния) өткізеді. Қарсыластың аты қазіргі таңда белгісіз.

17 тамыз күні Лос-Анджелесте өткен соңғы жекпе-жегінде Әлімханұлы бесінші раундта канадалық Стюарт МакЛелланды (27-4-3, 11 КО) нокаутқа жіберіп, сенімді жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер