Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазынан ұтылып қалды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аустрияның Линц қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің жартылай финалында сүрінді.
Елена әлемдік рейтингте өзінен 29 саты төмен тұрған латвиялық Елена Остапенкоға есе жіберді. 1 сағат 13 минутқа созылған бәсеке 7:5, 6:1 есептерімен Остапенконың пайдасына шешілді.
Айта кетейік, лавтиялық теннисші 2017 жылғы «Ролан Гаррос» турнирінде топ жарған еді.