Хоккей

«Барыстың» екі хоккейшісі Қазақстан азаматтығын қабылдайды

«Барыстың» екі хоккейшісі Қазақстан азаматтығын қабылдайды
news-banner7
mobile-news-top

Солтүстік Америкалық «Барыстың» екі легионеріне Қазақстан азаматтығы беріледі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Канадалық қорғаушы Джесси Блэкер және оның отандасы, шабуылшы Кертис Волк жақын арада Қазақстанның төлқұжатына ие болады. Бұл оларға 2020 жылдың 8-24 мамыр аралығында Швейцарияда өтетін әлем чемпионатында Қазақстан ұттық құрамасының намысын қорғауға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін бірнеше шетелдік хоккейші Қазақстан азаматтығын алған болатын. Олар: швед қақпашысы Хенрик Карлссон, канадалық қорғаушы Даррен Диц және шабуылшы Дастин Бойд. Сонымен қатар, Ресейдің «Автомобилист» командасында өнер көрсететін Найджел Доустың да қазақстандық төлқұжаты бар. Бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасының намысын солтүстік америкалықтар Брэндон Боченский мен мансабын өткен жазда аяқтаған Кевин Даллмэн қорғаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер