русский язык
Футбол

«Корона» тағы да жеңілді

«Корона» тағы да жеңілді

Польшалық Экстракластың 9-шы турында «Корона» өз алаңында вроцлавтық «Шлёнскті» қабылдап, жеңіліп қалды.

Алғашқы таймда есеп ашылмады, тек 73-минутта қонақтар Флавио Пайксаоның көмегімен тоблодағы көрсеткішті 1:0-ге ауыстырды. Кельцеліктердің таразы басын теңестіруге жасаған ұмтылыстары нәтиже бермеді. Ал қазақстандық шабуылшы Сергей Хижниченко бұл ойында алаңға шыққан жоқ.

Осылайша, «Корона» тоғыз ойында төрт-ақ ұпай жинап, турнир кестесінің 15-ші орнында келеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;