Басқа

Қазақстандық гимнаст әлем чемпионатын 21-ші орынмен аяқтады

Қазақстандық гимнаст әлем чемпионатын 21-ші орынмен аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

Германияның Штугарт қаласында спорттық гимнасткадан лицензиялық әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін көпсайыстан ерлер арасындағы финалдық сын мәресіне жетті.

Қазақстан атынан финалға жолдама алған Милад Карими 80.132 ұпаймен 21-ші орын иеленді. Ал жалпы есепте ресейлік Никита Нагорный (88.772) топ жарды. Күміс жүлдені оның отандасы Артур Далалоян (87.165), қоланы украиналық Олег Верняев (86.973) иеленді.

Айта кетелік, Милад Карими көпсайыстан 2020 жылғы Токио Олимпиадасын жолдама жеңіп алды.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер