Футзал

«Қайрат» Чемпиондар лигасының элиталы кезеңіне жол тартты

«Қайрат» Чемпиондар лигасының элиталы кезеңіне жол тартты
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайрат» футзал командасы УЕФА Чемпиондар лигасындағы үшінші матчында Венгрияның «Береттьоуйфалу» командасын 3:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қайраттықтар мұның алдында екі матчта жеңіліп қалған еді.

Алғашқы таймда екі гол соғып алған Кака шәкірттері екінші таймда қарсыластарының қақпасын тағы бір мәрте дәл көздеді. Бразилиялық Луизиньо дубль авторы атанды.

Осы жеңістің арқасында «Қайрат» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының элиталы кезеңіне жолдама алды.

«Береттьоуйфалу» (Береттьоуйфалу, Венгрия) – «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) 0:3 (0:2)

Голы: Луизиньо 4 (0:1), Габриэл 14 (0:2), Луизиньо 23 (0:3).


«Қайрат»: Игита, Ранжел, Джон Леннон, Диего, Тайеби — Дуду, Габриэл, Нұрғожин, Эдсон, Есенаманов, Дуглас Жуниор, Оразов, Луизиньо, Ақбалықов.

11 қазан. Береттьоуйфалу, Венгрия.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер