Теннис

Қазақстандық теннисші Германия ашық чемпионатына қатысты

Қазақстандық теннисші Германия ашық чемпионатына қатысты
news-banner7
mobile-news-top

Бременде үстел теннисінен Германияның ашық чемпионаты өтіп жатыр. Ашық чемпионатқа Қазақстан спортшысы Кирилл Герасименко қатысты.

Жарыстың 1/16 финалында ол төрт дүркін Еуропа чемпионы Патрик Францискамен кездесті. Кездесу 0:4 есебімен Патриктің еншісіне шешілді.

Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко жарыста үш қарсыласын жеңіп, жақсы өнер көрсетті. Бірінші айналымда Пуэрто-Риколық Даниел Гонсалесті 4:0, кейін АҚШ спортшысы Джа Канакты 4:0, үшінші кездесуінде бразилиялық Тьяго Монтейроны 4:1 есебімен ұтқан болатын.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер