Бокс

Деревянченконың бапкері: Головкинге қарсы ерекше жоспар құрдық

Деревянченконың бапкері: Головкинге қарсы ерекше жоспар құрдық
news-banner7
mobile-news-top

Украиналық боксшы Сергея Деревянченконың (13–2, 10 КО) бапкері Андре Розье шәкіртінің соңғы жекпе-жегі туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz Sport.ua сайтына сілтеме жасап.

«Біздің жоспарымыз адымдай шегіне жүріп, қорғаныс шеңберін құру болатын, Деревянченко мұны мүлтіксіз орындап шықты. Мен адам сенгісіз, сауатты жекпе-жек тамашаладым. Сергей өзінің қандай боксшы екенін көрсете білді.

Қарымта кездесу ұйымдастырайық, біз, бәріміз екінші жекпе-жектің өтуін қалаймыз», деді Розье.

Еске сала кетелік, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 6 қазан күні Нью-Йоркте Сергей Деревянченкомен қолғап түйістіріп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер