Семейде заманауи бокс орталығы ашылды
![Семейде заманауи бокс орталығы ашылды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1411122512_554916023.jpg?v=28705218)
Семей қаласында спорттық жекпе-жек пен күш қолданылатын спорт түрлері бойынша әмбебап «Тарлан» дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды, деп хабарлайды бокс федерациясының ресми сайты.
Салтанатты ашылу рәсіміне ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Серік Қонақбаев, ҚБФ-ң атқарушы директоры Бекжан Бектенов және басқа ресми тұлғалар мен көпшілік қауым қатысты.