Бокс

Бокстан әлем чемпионы ауыр жол апатына түсті. Видео

Бокстан әлем чемпионы ауыр жол апатына түсті. Видео
news-banner7
mobile-news-top

Желіде жартылай орта салмақта WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Эррол Спенстің (26-0, 21 КО) жол апатына түскен сәті бейнеленген видео тарап кетті.

Америкалық боксшы 10 қазан күні Даллас қаласында жол апатына түскен. Эррол Спенс басқарған Ferrari автокөлігі бес мәрте айналған, ал боксшының өзі қауіпсіздік белдігін тақпағандықтан көліктен ұшып кеткен.

Қазір Эррол Спенс ауыр жарақатпен ауруханада жатыр. Дегенмен дәрігерлер айтуынша боксшының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Айта кетейік, Эррол Спенс соңғы жекпе-жегін 28 қыркүйек күні Шон Портерге (30-3-1, 17 КО) қарсы өткізіп, жеңіске жетті.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер