Бокс

Головкин польшалық боксшымен жұдырықтасқысы келеді

Головкин польшалық боксшымен жұдырықтасқысы келеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой былғары қолғап шебері Геннадий Головкин келер жылдың басында польшалық Камил Шереметамен жұдырықтасқысы келеді, деп жазады Prosports.kz.

TheAthletic таратқан ақпаратқа сәйкес GGG шаршы алаңға 2020 жылдың басында оралмақ. Қазіргі уақытта Головкиннің командасы IBF ұйымының Шереметамен кездесуді мақұлдағанын күтіп отыр. Геннадидің жоспары бойынша, келесі жылдың көктемінде ол Сауль Альвареспен үшінші рет кездескісі келеді.

Еске сала кетелік, Геннадий Головкин 5 қазан күні Нью-Йоркте украиналық Сергей Деревянченкомен қолғап түйістіріп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер