Бокс

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов әлем чемпионы Давид Лемьенің жекпе-жегі андеркардында шаршы алаңға шығады, деп жазады Prosports.kz.

7 желтоқсан күні Канаданың Монреаль қаласындағы Bell Centre аренасында бокс кеші өтеді. Кештің басты жекпе-жегі жергілікті жұлдыз Давид Лемье мен украиналық Максим Бурсак арасында өтеді.

BoxRec таратқан ақпаратқа сенсек, басты кездесудің андеркардында қазақстандық Садриддин Ахмедов те жұдырықтасады. WBC тұжырымы бойынша әлем және Азия чемпионының қарсыласы әлі белгісіз көрінеді.

Айта кетелік, Ахмедов аталмыш жекпе-жектен бұрын, 25-қазанда Канаданың Квебегінде 31 жастағы мексикалық Джонни Наварретемен қолғап түйістіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер