Әлем футболы

Ибрагимович: Еуропада ойнауға қауқарым жетеді

Ибрагимович: Еуропада ойнауға қауқарым жетеді
news-banner7
mobile-news-top

«Лос-Анджелес Гэлакси» командасының шабуылшысы Златан Ибрагимович Еуропаға қайтып оралуы мүмкін екенін тілге тиек етті.

38 жастағы швед футболшысы әлі де болсын Еуропада ойнауға қауқары жететінін мәлімдеді.

- А Сериясында қайта ойнар ма едім? Әрине. 100%. Италия не өзге елдерде ойнай алатынымды білемін. Қазір ол жақта өнер көрсетіп жүрген талай футболшылардан жақсы нәтиже беретінім хақ. Келісімшартымның мерзімі желтоқсан айында бітеді. Ары қарай не болатынын білмеймін, — деп келтіреді Златанның сөзін Daily Mail басылымы.

Айта кетейік, Златан Ибрагимович қазір Мальме қаласында өзінің құрметіне тұрғызылған ескерткіштің ашылу салтанатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер