Әлем футболы

Моуриньо ағылшындық команданы баптауы мүмкін

Моуриньо ағылшындық команданы баптауы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Португалиялық бапкер Тұманды Альбионға қайта оралуы мүмкін.

Daily Mail басылымы мәлімдегендей, Жозе Моуриньо «Тоттенхэм» командасын баптағысы келеді. Ұжымның соңғы кездердегі нәтижелері көңіл көншітер емес. Мысалы, өткен аптада команда екі матчта өз қақпаларына 10 доп өткізді.

«Тоттенхэм» басшысы Даниэль Леви қазіргі таңдағы бас бапкер Маурисио Почеттиноға толықтай сенім артқанымен, аргентиналық маман клубтан өз еркімен кетуі мүмкін. Жазға дейін дем алып, маусым аяқталысымен «Реал Мадрид» клубынан ұсыныс күтетін ниетте көрінеді.

Қазіргі таңда «Тоттенхэм» АПЛ-дың кестесінде тоғызыншы орында тұр.

Еске сала кетейік, Моуриньо осыған дейін Англияда «Челси» және «Манчестер Юнайтед» командаларының тізгінін ұстаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер