Басқа

Қазақстандық ойыншы MDL Chengdu Major 2019 турниріне қатысады

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық ойыншы Даниал XSvamp1Re Әлібаев Қытайда өтетін MDL Chengdu Major 2019 турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

ТМД аймағы квалификациясының финалында жерлесіміздің командасы Positive Guys командасын жеңіп, негізгі кезеңге жолдама алды. Best of Three форматында өткен матч 2:1 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, XSvamp1Re Gambit Esports сапында 29 қыркүйектен бастап өнер көрсетуде. Бұған дейін ол Se7en Esports командасында ойнаған. Бұл команда сапында Burabay Cyber Cup турнирінде бірінші орын, WESG 2018: Kazakhstan жарысында екінші орын алды.

MDL Chengdu Major турнирі 16-24 қараша аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 980 мың долларды құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер