Басқа

Милад Карими спорттық гимнастикадан Олимпиадаға лицензия иеленді

Милад Карими спорттық гимнастикадан Олимпиадаға лицензия иеленді
news-banner7
mobile-news-top

Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан 49-шы лицензиялық әлем чемпионатында командалық және жекелей көпсайыстан іріктеу аяқталды. Өкінішке қарай, командалық сында Қазақстан құрамасы жолдамасыз қалды. Ал ерлер арасындағы көпсайыстан Милад Карими финалға жолдама алып, лицензияға иелік етті.

Командалық бәсекеде 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама алу үшін Қазақстан құрамасы ТОП-12 қатарына енуі тиіс болатын. Былтырғы әлем біріншілігінен соң жүлделі орынға іліккен Ресей, Қытай және Жапония командаларының жолдамасы бар. Сондықтан, қалған құрамалар алғашқы тоғыздық қатарынан көрінуге тырысты.

Қазақстан атынан Штутгарттағы әлем чемпионатына Нариман Курбанов, Ілияс Азизов, Ербол Жантықов, Аким Мусаев және Милад Карими қатысқан болатын. Біздің гимнастар жарысты ең бірінші болып бастап, жалпы есебі 243.897 ұпай жинады. Бұл бар болғаны 16-шы орынға тиесілі нәтиже. Жарыс барысында қазақсандық гимнастар бірнеше рет қателікке бой алдырды. Ербол Жантықов қоссырықтағы жаттығуда құлап қалса, Нариман Курбанов гимнастикалық ат снарядында қателік жіберді. Осы снарядта сынға түскен Ілияс Азизов те, өкінішке қарай, құлап қалды. Мұның бәрі біздің команданың ұпайын азайтқаны сөзсіз.

Ерлер арасындағы командалық сында әзірге Ресей құрамасы көш бастап тұр. Екінші орында Қытай, үшінші сатыда Жапония құрамасы орналасөан. Командалық көпсайыстан финалға және Олимпиада ойындарына жолдама алғандар қатарында Украина, Ұлыбритания, Швейцария, АҚШ, Қытайлық Тайпей командалары бар. Ал көпсайыстан Милад Карими финалға жолдама алды. Ол көпсайыс қорытындысы бойынша 81.599 ұпай жинап, 23-ші орын иеленді.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер