русский язык

Көшпенділердің І бүкіләлемдік ойындарында Еліміз екінші орынды еншіледі

Көшпенділердің І бүкіләлемдік ойындарында Еліміз екінші орынды еншіледі

Қырғыз елінде ұйымдастырылған Көшпенділердің бірінші бүкіләлемдік ойындары аяқталды. Еліміз құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ресми сайты.

Көшпенділердің бүкіләлемдік ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстандық спортшылары 12 алтын, сегіз күміс, және сегіз қолаға қол жеткізіп, екінші орынды еншіледі. Қырғыз Республикасы 16 алтын, 20 күміс және 19 қола, жалпы 55 медальмен жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Үшінші орын үш алтын және үш қоланы қанжығасына байланған Түрікменстанға бұйырды.

Естеріңізге салсақ, Көшпенділердің бүкіләлемдік ойындары 9-14 қыркүйек аралығында Ыстықкөлде өткен болатын. Турнирге Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Әзірбайжан, Беларусь, Бразилия, Германия, Литва, Моңғолия, АҚШ, Тәжікстан, Туркменистан, Түркия, Өзбекстан, Франция, Швеция, Оңт.Корея, Ресей, Ауғаныстан командалары қатысып, спорттың 10 түрі бойынша бақтарын сынады. Атап айтар болсақ,  алыш, аламан бәйге, жорға жарыс, қазақша күрес, көкпар, құнан шабыс, қырғыз күресі, ордо, тоғызқұмалақ, аударыспақ.

Көшпенділердің бірінші бүкіләлемдік ойындарына  қатысып, жеңімпаз атанған спортшыларымыздың тізімі:

 

 

Аты-жөні

Спорт түрі

медалі

1

Сатыбалдинов Амангелді

қырғыз күресі

алтын

2

Мұхаметжанов Алишер

қазақ күресі

алтын

3

Ысқақов Қуаныш

қазақ күресі

алтын

4

Түсіпханов Асылан

қазақ күресі

алтын

5

Жұмахметов Алишер

қазақ күресі

алтын

6

Тойбағаров Алмат

қазақ күресі

алтын

7

Ыстыбаев Бейбіт

қазақ күресі

алтын

8

Қабиев Нұрбек

тоғызколгоол

алтын

9

ҚР Тоғызқұмалақтан ерлер құрамасы

 

алтын

10

ҚР Тоғызқұмалақтан қыздар құрамасы

 

алтын

11

Құсайынов Еділ

ұшқыр аттар жарысы

алтын

12

Рақымғали Ернат

құнан бәйге

алтын

13

Далиева Әсел

тоғызкоргоол

күміс

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;