русский язык
Хоккей

ҚХЛ. «Барыс» «Адмиралдан» айласын асыра алмады

ҚХЛ. «Барыс» «Адмиралдан» айласын асыра алмады

Астаналық «Барыс» «Адмиралға» қарсы екінші кездесуде жеңіліс тапты. Бұл жолы Андрей Назаров шәкірттері қарсыластарынан 2:4 есебімен ұтылды.

Кездесуді елордалық хоккейшілер жақсы бастаған еді, тіпті Доустің көмегімен есеп мәнін бірінші «Барыс» ашты. Алайда есептегі басымдықты ұстап тұра алмады. Екінші таймнан бастап ойын тізгінін Душан Грегор шәкірттері өз қолдарына алды. Матч аяқталған «Барыс» қақпасына жауапсыз төрт шайба тоғытты. Ал елордалық хоккейшілер кездесу аяқталар тұста тек бір ғана голмен жауап қайтара алды.

 

«Адмирал» (Владивосток) – «Барыс» (Астана) 4:2 (0:1, 2:0, 2:1)
0:1 – Доус (Бойд) – 14:51
1:1 – Лисин (Зубов, Угаров) – 24:56
2:1 – Йюнге (Бергфорс) – 34:38
3:1 – Горошанский (Бергфорс, Гюнге) – 48:36
4:1 – Йюнге (Горошанский) – 54:38
4:2 – Доус (Бойд) – 59:28
Қақпашылар: Ахонен – Лацо

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;