Әлем футболы

23 жастағы футболшы балконнан құлап, жан тапсырды

23 жастағы футболшы балконнан құлап, жан тапсырды
news-banner7
mobile-news-top

23 жастағы аргентиналық футболшы Эсекьель Эсперон 6-қабаттан құлап, жан тапсырды, деп жазады Prosports.kz.

Спортшы жексенбі, 6 қазан күні Буэнос-Айрестегі сауық кешіне қатысқан. Достарымен бірге балконға шығып,шарбаққа сүйеніп тұрған ол абайсызда құлап кетіп, мерт болды. Кейін белгілі болғандай балконның шарбағы дұрыс бекітілмеген болып шыққан. Жедел жәрдем келгенімен аргентиналықты аман алып қала алмады.

Эсперон аргентиналық «Олл Бойс», бразилиялық «Интернасьонал» және «Гремио» клубтарында ойнаған. Оның соңғы клубы мексикалық «Атланте»командасы болған екен.

Айта кетелік, 4 қазан күні тағы бір футболшының бақилыққа аттанғаны белгілі болған еді. Нигерия құрамасымен 2008 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған Айзек Промис жүрек талмасынан қайтыс болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер