Бокс

Головкиннің бапкері: Кінәні мойныммен көтеремін

Головкиннің бапкері: Кінәні мойныммен көтеремін
news-banner7
mobile-news-top

Геннадий Головкиннің бапкері Джонатан Бэнкс қазақстандық боксшы мен украиналық Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

«Мен кінәлімін. Қысылтаяң шақта не істеу керектігін Головкинге жеткізуім керек еді. Оған не зейнетке шығу керек, не басқаша жұдырықтасу қажет. Оған былайша төбелесуге болмайды. Мен боксшыларымның осыншама көп соққы алғанын жек көремін. Мен оның бұдан да жақсы жұдырықтасатынын білемін. Бұл жағдайды өз мойныма аламын, деді Бэнкс Boxing247.com порталына берген сұхбатында.

Деревянченкомен өтетін жекпе-жектің ұзақ болатынын ескерткенмін оған, себебі Сергей - өте мығым боксшы. Ол жастау, сол үшін де жылдам қимылдай алады. Жекпе-жектің басында Геннадиден жылдамдықты қосуды өтіндім, өйткені ол өзінен әлдеқайда жас боксшымен кездесті. Жекпе-жектегі басымдықты қолға алу үшін қолмен жұмыс істеу керек еді, алайда Головкин әдетіне басып, бұрынғыдай қимылдады. Сериялық соққылар мен басты қимылдатып, қолмен жұмыс істеу керек», деді сөзін жалғастырған Бэнкс.

Еске сала кетелік, кеше, 6 қазан күні қазақстандық Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко IBF және IBO тұжырымдарының чемпиондық белбеулері үшін жұдырықтасқан болатын Төрешілер бірауыздан Головкинді жеңімпаз деп таныды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер