Назаров 6 матчтан шеттетілді
![Назаров 6 матчтан шеттетілді](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1411034917_25823935.jpg?v=28697477)
Андрей Назаров тәртіп бұзғаны үшін «Адмирал» клубымен болған ойыннан кейін матчтан шеттетілді.
Бапкер үш бап бойынша: тәртіпсіздік таныту, нәрселерді лақтыру мен төрешілерді қорлау, тәртіпсіз ым-ишараттар көрсеткені үшін жазаға тартылды. Бұл тәртіпсіздігі қайталанса, одан да қатал шара қолданылуы мүмкін.
«Бұл оқиға жан-жақты қаралған отырыс өтті. Бапкер Назаров 6 ойынға дисквалификацияланды. Соның біреуі міндетті түрде болса, қалған бесеуі 3 бап бойынша», - деді ҚХЛ вице-президенті Дмитрий Курбатов.