Басқа

Алматыда Әлжан Жармұхамедовтың мерейтойы атап өтілді

Алматыда Әлжан Жармұхамедовтың мерейтойы атап өтілді
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедовтың 75 жас мерейтойы атап өтілді. Мәскеуден арнайы келген Мюнхен олимпиадасының жеңімпазына құрмет көрсетілді.

Салтанатты шараға Ұлттық олимпиада комитеті спорт дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатов, Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов және бірқатар танымал спортшылар қатысты.

Әлжан Жармұхамедовке Ұлттық Олимпиада комитетінің Президенті Тимур Асқарұлы Құлыбаев пен Алматы қаласы әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевтың құттықтау хаттары оқылып, даңқты ардагер спортшыға қазақтың дәстүрімен шапан жабылып, белгілі меценат Дулат Тастекеев чемпионға Assyltas төсбелгісі мен арнайы сыйақы табыстады.

Айта кетейік, Әлжан Жармұхамедов 1972 жылы баскетболдан КСРО сапында олимпиада жеңімпазы атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
0
Пікірлер