Әлем футболы

«Барселона» 8 минутта үш гол соғып, «Севильяны» жеңді

«Барселона» 8 минутта  үш гол соғып, «Севильяны» жеңді
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» «Севильяны» өз алаңында ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Андалусиялықтар матч барысында асқан шеберлікпен бірнеше шабуыл ұйымдастырған. Қонақтардың шабуылшысы Люк де Йонг бірнеше керемет мүмкіндікті қолдан шығарып алды.

«Сен соқпасаң, саған соғады», футбол заңы осылай. Каталониялық команда айналасы 8 минутта үш гол салды. Суарес есеп ашса, артынша Видаль мен Дембеле есепті еселей түскен. Ал матчтың соңына қарай Месси де қанжығасын майлап алды.

«Барселона» — «Севилья» — 4:0

Гол соққандар: Суарес (27), Видаль (31), Дембеле (35), Месси (78)

Ескерту алғандар: Семеду (39), Дембеле (54), Пике (84), Бускетс (88) - Регилон (22), Каррису (33), Банега (90)

Алаңнан қуылғандар: Араухо (87), Дембеле (87)

«Барселона»: тер Штеген - Роберто, Пике, Тодибо (Араухо,74) , Семеду - Видаль (Ракитич, 70), Ф. де Йонг, Артур (Бускетс, 64) - Месси, Суарес, Дембеле

«Севилья»: Вацлик - Навас, Карлос, Каррису, Регилон - Банега, Фернандо, Торрес (Жордан, 46) - Окампос, Л.де Йонг (Чичарито, 64), Нолито (Эль-Хаддади, 46)

Матч төрешісі: Матео Лаос

Каталония «Камп Ноу» стадионы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер